ТКШ

ТКШ

-Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрттің, су тасқының және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жою мақсатында жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады.   

-Округтегі  абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

-Ауыз су және кәріз жүйесі, қоғамдық тасымалдау, электр жарығы, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық және көпқабатты үйлердің жай-күйі және осы мәселелер бойынша қала тұрғындарымен жиын ұйымдастырады.

-Бюджеттік мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымына дайындығын ұйымдастырады.

-Округте орналасқан мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымының уақтылы қосылуын қадағалау және қысқы жылыту маусымына дайындық паспорттарын тексеру;

-Округтің автокөлік жолдарын жөндеу және жол белгілерін орнату бойынша хат әзірлеп, жоғарғы органға  ұсыныс жасайды.

-Округ көшелерінің жағдайы туралы акт жасайды.

-Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.