«Мойынты кентінің әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы (1 бірлік, №5-4) (А блогы)):
Шет ауданының әкімдігі
Қарағанды облысы
81229 - 109367
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “білім” мамандықтары бойынша, “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша, “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білім.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының занын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Функционалды міндеттер
Елді мекеннің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім дене шынықтыру және спорт салаларына қатысты жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Осы салалар бойынша жыл сайынғы бағдарламаны әзірлеу, тікелей жауапкершілікте болып, аталмыш бөлімдермен тығыз жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша құрылған кеңестер, комиссиялармен жұмыс жүргізу. Мәдениет саласы, оның ішінде спорттық салаларды ұйымдастыру. Мектеп, шағын орталық, мәдениет үйі, кітапхана, учаскелік полиция инспекторы мен ФАП жұмысымен тікелей байланыста болу. ЭҚЖ жүйесімен және сайлаушылар тізімімен үнемі жұмыс жасау. «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елді мекенді дамыту мақсатында жоспар әзірлеу оның орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округінде өткізілетін тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын атқару. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне балалар жәрдемақысына, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың құжаттарын әзірлеу. Әскерге шақырылатындармен жұмыстар жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Шетский район, село Аксу-Аюлы, улица Шортанбай жырау 24
-
8/71031/21293