«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру туралы

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру туралы

2021 жылдың автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша Ақадыр, Ақсу-Аюлы, С.Сейфуллин, Ақжал, Ақой, Красная Поляна елді мекендерінің ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қыздарбекова (2,6 км), М.Мәметова (0,6 км), Е.Мадиева (0,87), Теміржолшылар, Оспанов (2,5 км), Жұмыскер (1,1 км) көшелерін жөндеу жобалары бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіліп, келісім шарт жүргізілді. Қыздарбекова көшесі, мердігер «Ұлар ПК», жол жөндеу жұмыстарын аяқтады. Теміржолшылар, Оспанов (2,5 км) көшесі, мердігер «OLJA JOL» ЖШС-гі, жол жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Осы бағдарлама аясында Красная поляна ауылының Карамурунская-Байконыр, Комарова көшелері жолдары орташа жөндеуден өткізіледі. Бүгінде жеңімпаздар анықталып, келісім шарт жасалуда.ТОО «ҚАРАКӨЛ»
Пайдаланылған құрылыс материалдарын лабораториялық сараптамадан өткізу жұмыстары шілде айының 16, 25 күндері Ақадыр кентінде жүргізілді, бұл бағытта жұмыс жалғастырылады.
Облыстық бюджеті есебінен Кеншоқы ауылының С.Мұқанов, Шабанбай-би, Н.Әбдіров 2,1 км жолы орташа жөндеуден өткізіледі. Мемлекеттік сатып алу процестері жүргізіліп, келісім шартқа отыру шаралары жүргізілуде, мердігер «EMAR» ЖШС-гі.
Аудандық бюджеттен қаралған қаржы есебінен Ақой ауылының Чепученко-М.Едігеев жолдарына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
С.Сейфуллин кентінің Бейбітшілік-Т.Аубакирова-Наурыз-Б.Жамиева көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. Нысандар пайдалануға қабылданды.
Ақадыр кентінің Сары-Арқа-Болашақ-Алаш көшелерінің жолы орташа жөндеуден өткізу. Мердігер «Кемеңгер жол» ЖШС-гі. Жол жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ақжал кентінің екі аула аумағын абаттандыру, жолдарын жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу келісім шарттар жасалды. Мердігер «Kasnetservice» ЖШС-гі.
Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша «Қызылтау ауылының кіре беріс жолы» км 0-54 (0-9 км) автокөлік жолының 9 шақырым жол бөлігін орташа жөндеуден өткізуге мемлекеттік келісім шарт жасалды. Бүгінгі күнге Мердігер «КЕМЕНГЕР ЖОЛ» ЖШС-гі нысан басына жол-құрылыс техникаларын жеткізіп, 8 шақырым жол бөлігіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық маңыздағы автокөлік жолдары бойынша маусым айында Дәрия кентінің жолы тегістелді, Қызылтау, 56-шы разъезд, Ортау-Қызылтау жолдарында тегістеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Бейнематериалдар