Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:

 

 

Нұсқаушы-бақылаушы

Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі

2021 жылғы 26 қыркүйектен бастып 7 қарашаға дейін

2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін

Негізгі функциялар

Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылау

Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу.

 

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Талдамалық ойлау, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау

Барлық қажетті негіздерге назар аудару, көпшілдік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау

Еңбекақысы

125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде)

орташа жүктеме 833 санақ объектісі болған жағдайда 104 мың теңге

 

 

 

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- жасы – 18 жас және одан асқандар;

- білімі – жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз

- портативті құрылғылармен – планшеттермен жұмыс істеу дағдыларына ие болу;

Санақтың нұсқаушы-бақылаушысы және интервьюерлеріне үміткерлер тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған жағдайда жұмысқа тартылады.

Үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) статистика басқармасының электрондық мекенжайларына қабылданады 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы а., Шортанбай жырау  көшесі,26, stat_shet@mail.ru, E.mukabaev@aspire.gov.kz.

Өтінімде (түйіндемеде) міндетті түрде жасы, білімі, жұмыс тәжірибесі, қалаған лауазымы және үміткердің жұмыс істегісі келетін елді мекен көрсетілуі қажет.

Анықтама телефондары: (8-710 31) 21-3-62, (8-710 31) 21-4-99.

Жарияланған күні

28 шілде 2021

Жаңарту күні

28 шілде 2021

Жарияланымның авторы