Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Шет аудандық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 33
Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Шет аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 32 «Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне сәйкес ШЕШТІ
- Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
2 Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы шешім Шет аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Мұқабаев Е.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Мұхатай А.
14
30 желтоқсан 2022 13:04
30 желтоқсан 2022