Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы шешім
Шет аудандық сайлау комиссиясының
2022 жылдың 30 желтоқсандағы №32
Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша
аумақтық сайлау округтерін құру туралы
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Шешімге қосымшаға сәйкес шекараларда 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
- Шешім Шет аудандық мәслихатқа жіберілсін.
- Осы Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Мұқабаев Е.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Мұхатай А.
24
30 желтоқсан 2022 12:58
30 желтоқсан 2022