Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қарағанды облысының

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 21 қазандағы №39

 

Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

ҚАУЛЫСЫ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шет ауданында 2021 жылғы 21 қарашаға сайлау тағайындалсын:

- Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалған Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2021 жылдың 22 қазанда басталып, 2021 жылдың  5 қарашасында сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2021 жылдың 10 қарашасында сағат 18:00-де аяқталады.
  1. Осы қаулы Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Н.Қ.Маженова

Жарияланған күні

21 қазан 2021 12:13

Жаңарту күні

21 қазан 2021

Түрі