Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Қарағанды облысының
Шет аудандық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 маусымдағы №18
Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ШЕШІМІ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Шет ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:
- Ақадыр кенті әкімінің;
- Дәрия кенті әкімінің;
- Жамбыл кенті әкімінің;
- Батық ауылдық округі әкімінің;
- К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің;
- Кеншоқы ауылдық округі әкімінің;
- Красная поляна ауылдық округі әкімінің;
- Өспен ауылдық округі әкімінің;
- Шет ауылдық округі әкімінің;
- 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
- Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2021 жылдың 26 маусымда басталып, 2021 жылдың 9 шілдесінде аяқталады;
- Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2021 жылдың 14 шілдесінде аяқталады.
- Осы шешім аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.М.Мұқабаев
Шет аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Н.Қ.Маженова
8
25 маусым 2021 00:00
25 маусым 2021