Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 44/03 «Осакаров ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 44/03 «Осакаров ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 6776-09 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Осакаров ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй – жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) - кондоминиум объектісін басқарумен байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осакаров ауданының әкіміР.Нурмуханбетов

Жарияланған күні

27 қазан 2026 15:02

Жаңарту күні

27 қазан 2026