Мемлекеттік сатып алу
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 09 наурыз 2022АқпаратБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
- 22 қараша 2021АқпаратМемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына!
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру2015 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет Басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Осы Заңды іске асыру үшін Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, оған сәйкес қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші тиісті қаржы жылы басталғаннан он жұмыс күні ішінде енгізеді.
Өз кезегінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық акті, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қарым-қатынастарға қолданылмайтындығын атап өткен жөн.
Осылайша мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманың талаптары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттық міндеттемелерге қолданылмайды. Сонымен бірген Заңның 45-бабының 2-тармағына сәйкес өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Осыған байланысты тапсырыс беруші жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімдерін белгілеу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 2-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:
1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс (Заңның 43-бабының 3-тармағы).
Заңның 43-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Бұл ретте Заңның 43-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу мерзімі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын тоқтата тұру және өнім беруші тарапынан шарттан бір жақты бас тарту көзделмеген.
Сонымен бірге Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Азаматтық кодекстің 402-бабына сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
Баяндалғанның негізінде шартты өзгерту және бұзу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада және Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

