Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады: жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша өтініштері дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде. Бұл ретте фактілер мен мән-жайлар туралы заңды тәсілмен алынған мәліметтер ( аудио - бейнежазбалар, оның ішінде бақылау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынған, фото-және (немесе) кинотүсірілім материалдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар) Заң талаптарын бұзудың дәлелді негіздері және растайтын дәлелдемелері болып табылады ҚР заңнамасының бұзылған талаптарының болуы туралы қорытындылар.
1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу (қажет болған жағдайда);
2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 33-бабының 6-тармағының тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.
жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.