"Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ еңбек қатынастарын реттеу саласында бақылау және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшы - мемлекеттік еңбек инспекторы (санаты D-O-3, 1 бірлік, № 6-1)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Меншік түріне қарамастан ұйымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша бөлімдегі мемлекеттік еңбек инспекторының жұмысын ұйымдастырады. Басқарма басшысының өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген мерзім мен тәртіпте еңбек қатынастары, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. Еңбек және еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары бойынша талаптарды ұйымдардың сақтау көрсеткіштерін сипаттаушы ақпараттарды жинайды, пысықтайды, көрсеткіштерді жүйелендіреді және сараптайды. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттықсараптамалық анықтамалар дайындайды. Жалақыны есептеу және төлеуде дұрыс есептеу бойынша бухгалтерлік құжаттарды тексереді; мерекелік және демалыс күндері төлеу, жұмыстан тыс жұмыстарға еңбек заңнамаларына сәйкестігін, сондай-ақ, пайдаланылмаған еңбек демалыс күндеріне өтем және демалыс күндеріне дұрыс есептеулер жүргізуді тексереді. Еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша халық арасында және ұйымдардың ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергептексереді және өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанудың жағдайы мен себептеріне сараптама жүргізеді; олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Еңбек заңнамаларының бұзылуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және шаралар қабылдайды. Еңбек заңнамаларына мемлекеттік қадағалауға байланысты басқа да міндеттерді жүзеге асырады; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Еңбек жолы» жыл сайынғы конкурсының облыстық деңгейдегі шараларының өтуіне бақылау жасау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді; электронды еңбек шарттарын енгізу бойынша бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді; Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы еңбеакқы бойынша берешекті жабу бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады; Басқарманың аппараттық жиналыстарын, отырыстарын өткізуді, хаттамалық тапсырмалардың жүргізілуін, рәсімделуін, орындалуын ұйымдастырады; мемлекеттік органның мұрағатының жұмысын ұйымдастырады, «е-архив» платформасында құжаттарды беру мен қабылдау бойынша жұмысты үйлестіреді.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.04.2024 – 25.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мб

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8-7212-501531 (6812)