«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ тау-кен металлургия саласында бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы (D-О-4 санаты,1 бірлік, № 5-4, негізгі қызметкердің 2025 жылдың 30 маусымына дейін оқу мерзіміне)
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Көлік қызметтері
Функционалды міндеттер
Меншік түріне қарамастан ұйымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Басқарма басшысының өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген мерзім мен тәртіпте еңбек қатынастары, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. Еңбек және еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары бойынша талаптарды ұйымдардың сақтау көрсеткіштерін сипаттаушы ақпараттарды жинайды, пысықтайды, көрсеткіштерді жүйелендіреді және сараптайды. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-сараптамалық анықтамалар дайындайды. Жалақыны есептеу және төлеуде дұрыс есептеу бойынша бухгалтерлік құжаттарды тексереді; мерекелік және демалыс күндері төлеу, жұмыстан тыс жұмыстарға еңбек заңнамаларына сәйкестігін, сондай-ақ, пайдаланылмаған еңбек демалыс күндеріне өтем және демалыс күндеріне дұрыс есептеулер жүргізуді тексереді. Еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша халық арасында және ұйымдардың ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді және өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанудың жағдайы мен себептеріне сараптама жүргізеді; олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Еңбек заңнамаларының бұзылуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және шаралар қабылдайды. Еңбек заңнамаларына мемлекеттік қадағалауға байланысты басқа да міндеттерді жүзеге асырады
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
burova@krg.gov.kz
- город Караганда, ул.Алиханова 13
-
8-7212-501531(6811)