"Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды бақылау және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы, блок А, D-O-3 санаты, №6-1

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Көлік қызметтері

Функционалды міндеттер

Меншік түріне қарамастан ұйымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша бөлімдегі мемлекеттік еңбек инспекторының жұмысын ұйымдастырады. Басқарма басшысының өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген мерзім мен тәртіпте еңбек қатынастары, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. Еңбек және еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары бойынша талаптарды ұйымдардың сақтау көрсеткіштерін сипаттаушы ақпараттарды жинайды, пысықтайды, көрсеткіштерді жүйелендіреді және сараптайды. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-сараптамалық анықтамалар дайындайды. Жалақыны есептеу және төлеуде дұрыс есептеу бойынша бухгалтерлік құжаттарды тексереді; мерекелік және демалыс күндері төлеу, жұмыстан тыс жұмыстарға еңбек заңнамаларына сәйкестігін, сондай-ақ, пайдаланылмаған еңбек демалыс күндеріне өтем және демалыс күндеріне дұрыс есептеулер жүргізуді тексереді. Еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша халық арасында және ұйымдардың ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді және өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанудың жағдайы мен себептеріне сараптама жүргізеді; олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Еңбек заңнамаларының бұзылуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және шаралар қабылдайды. Еңбек заңнамаларына мемлекеттік қадағалауға байланысты басқа да міндеттерді жүзеге асырады; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» жыл сайынғы конкурсының облыстық деңгейдегі шараларының өтуіне бақылау жасау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді; электронды еңбек шарттарын енгізу бойынша бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді; Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы еңбеакқы бойынша берешекті жабу бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады; Басқарманың аппараттық жиналыстарын, отырыстарын өткізуді, хаттамалық тапсырмалардың жүргізілуін, рәсімделуін, орындалуын ұйымдастырады; мемлекеттік органның мұрағатының жұмысын ұйымдастырады, «е-архив» платформасында құжаттарды беру мен қабылдау бойынша жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік органның қаржылық қызметін үйлестіреді.

 

БЛОК А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.02.2023 – 09.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Алиханов көшесі, 13

Анықтама алу үшін байланыс

501531 (6812)