"Vision Zero" тұжырымдамасы
"Vision Zero" тұжырымдамасы
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулар кездейсоқтық жағдай емес - олардың әрқашан бір себептері болады. Алдын алудың белсенді мәдениетін қалыптастырудың арқасында бұл себептерді жоюға болады, осылайша олар өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алады.
Бүгінгі таңда еңбек қатынастарындағы барлық азаматтар өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандырылған. Жұмыс берушінің міндеті - Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру жарналарын уақтылы аудару. Бұл қаражат жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналады, сондай-ақ адамдар жұмыста денсаулығын жоғалтпауы, ал кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары бағалы еңбек ресурстарынан айырылмауы үшін өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың профилактикасына бағытталуы мүмкін.
Бірінші кезекте алдын алу болу керек және ол «нөлдік жарақаттанушылық» негізгі идеологиясы болып табылады: жарақат пен аурудың алдын-алу олардың салдарымен күресуден гөрі жақсы.
Осындай тәсіл шеңберінде Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) Vision Zero немесе «нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын әзірледі. Бұл үш бағытты – өндірістің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және жұмысшылардың әл-ауқатын біріктіретін алдын-алуды ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі.
Кәсіпорындарда өндірістегі жарақаттарды мүлдем болдырмау мақсаты алға қойылып отыр, ол үшін тұжырымдамада жеті «алтын ереже» қарастырылған:
- Көшбасшы болу – принциптерге адалдық көрсету
- Қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау
- Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды дайындау
- Еңбек гигиенасы және қауіпсіздік жүйесін жасау – ұйымның жоғары деңгейіне жету
- Жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету
- Біліктігін арттыру – кәсіптік қасиеттерін дамыту
- Кадрларға инвестиция жасау – қатысу арқылы мотивация беру
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, жұмыста қолдау үшін Сіздердің назарларыңызға Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Vision Zero немесе «нөлдік жарақаттанушылық» бағдарламасын ұсынамыз.