Тәртіптік жазалар: еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру

Көру саны:1
Мемлекеттік еңбек инспекторы Салтанат Қойлыбаева «Тәртіптік жазалар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаларды қолдану кезінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Инспектор тәртіптік теріс қылықтың не екенін, заңнамада тәртіптік жазалардың қандай түрлері көзделгенін, жұмыс берушінің жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті екенін, сондай-ақ еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде тәртіптік жаза қолдануға болатынын түсіндірді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады