«Қауіпсіз қала» жобасы

«Қауіпсіз қала» жобасы

Қарағанды облысының қалаларында бұлтты сервис (бейнебақылау) қызметтерін көрсету бойынша жоба іске асырылды.

Осы жобаның мақсаты Қарағанды облысы қалаларының тұрғындары үшін қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санын барынша азайту болып табылады.

Міндеттері-қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша деректерді іздеу және талдау үшін технологиялық құралдарды пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде мониторинг шараларын арттыру болып табылады.

Бұдан басқа, коммуналдық меншіктің сақталуын және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру. Қылмыстық оқиғалар үшін айтарлықтай әлеуеті бар аудандарда немесе бұлтты бейнебақылау жүйесі арқылы қылмыс деңгейі жоғары аудандарда қарсы іс-қимыл шараларын құруға негізделген алдын-алу.

Қарағанды облысы қалаларының көшелерінде қауіпсіздікті арттыру мақсатында Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды фото және бейнетіркеу жүйелері, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіп бұзушылықтар жиі жасалатын жерлерде және адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылды:

2440-стационарлық бейнебақылау камералары (Fix);

500-жылдам бұрылатын бейнебақылау камералары (PTZ);

150- КҚ МТНБ тану АБК;

20-жол қиылыстарында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу;

80-жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды желілік учаскелерде тіркеу (жылдамдық өлшегіштер);

33-жедел байланыс терминалы.

Қарағанды облысы бойынша барлығы - 3223 камера, оның ішінде: Қарағанды қаласында – 2031 камера, Теміртау қаласында – 418, Жезқазған қаласында – 283, Сәтбаев қаласында – 217, Саран қаласында-166 және Осакаровка кентінде 108 камера.

Жоба аясында 100 аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылды. Олардың жиырмасы жол қиылыстарында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Камералар тоқтау сызығының қиылысуы және бағдаршамның қызыл сигналына өту сияқты бұзушылықтарды анықтайды. Ал 80 АБК жылдамдық режимінің бұзылуын анықтайды.

Бұл ретте, бұлтты сервис жүйесі түрлі таратылған бейнебақылау жүйелерінен түрлі деректерді алуға мүмкіндік беретін бұлтты сервистер арқылы таратылған бейнебақылау жүйесін орталықтан басқаруға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.