2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы
2021 жылға арналған сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдауын өткізу жөніндегі
іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қарағанды облысының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
- Қарағанды облысының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
- Мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау:
1) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырылады.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Б.Н. Әдекеноваға жүктелсін.
Басшы Г. Қожахметова
Орын. М. Мұқашева
Тел. 215141
17