«Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 1-1)

Мемлекеттік орган

Балқаш қаласының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Сәулет
  • Механика
  • Гидрология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Функционалды міндеттер

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.  Қалада және жақын маңдағы кенттерде жылыту маусымын дайындау мен өтуін бақылайды.  Әлеуметтік және мәдени нысандарды, үй-жайларды жылу беру маусымына дайындауға арналған іс-шараларды  жүзеге асырады, кварталаралық  және үйдің ішкі жылу, су, канализация, дренаждық желілер, электр беру желілері, электрлік қосалқы станциялардағы жөндеу жұмыстарына жетекшілік етеді.  Қала мен жақын маңдағы кенттерде тұрақты су, жылу және электрмен жабдықтау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, күнделікті мониторинг жүргізеді.  Су шаруашылығы объектілерін, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды қайта құру жоспарларын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы іске асыруды үйлестіреді.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының нарықтық қатынастарын реттеу бойынша өз құзыреті шегінде меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізеді.  Қала аумағында орналасқан және тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмысын, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің орындалуын, тарифтердің сақталуын, олардың бағыттары мен маршруттарының кестелерін әзірлеуді бақылайды. Қалалық көшелерді, жергілікті маңызы бар автожолдарды жергілікті бюджеттен жөндеу және күту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Автомобиль жолдарының техникалық жағдайын бақылайды, жолдарды пайдалану, күтіп ұстау және күрделі жөндеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды талдау негізінде дайындайды. Өз құзіреті шегінде Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жолаушыларды тасымалдау және автокөлік жолдары бойынша басым бағыттағы бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Қала мен басқа да елді-мекендердің коммуналдық меншіктегі көшелерінің құрылысына, жөндеуіне және  күтіп ұстауына, жергілікті автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына жергілікті, облыстық, республикалық бюджеттен қаржы бөлу көлемін айқындайды және бекітеді. Автомобиль жолдарының ағымдық және орташа жөндеу жұмыстарының сметалық есептерін,  жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бақылайды. Жаңа жолдарды қайта құру және салу кезінде құрылыс нормаларының сақталуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, жол қызметіне бағытталған қаржының пайдаланылуын анықтайды және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.  Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызметтердің келісім шарттарын орындауда, сонымен қоса, бөлінген бюджеттік қаражаттарды игеруді үнемі бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Қалада көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша комиссия жұмысын үйлестіреді. Тұрғын үй қорын инвентаризациялау бойынша жұмыс жүргізеді. Коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін пайдалану мен сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының іске асырылуы бойынша бақылау жүргізеді. Бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. Тұрғын үй құқықтық қатынастар саласындағы жұмысты үйлестіреді, иесіз тұрғын үйді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді және олардың коммуналдық меншікке берілуін қамтамасыз етеді.  Энергияны үнемдеу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсетуге бақылау жүргізеді. А блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2024 – 16.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3

Анықтама алу үшін байланыс

87103643106