Балқаш қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Балқаш қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Балқаш қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 1. Балқаш қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша шешімге қосымшаға сәйкес шекараларда 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
- 2. Шешім Балқаш қалалық мәслихатына жіберілсін.
- 3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- 4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы М. Татибеков
Балқаш қалалық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Зияда
25