Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 «Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Балқаш қалалық мәслихат ШЕШТІ:
- Балқаш қалалық мәслихатының «Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/20 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-4-277 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (сызбаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес, Балқаш қаласының, Саяқ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сызбалары) бекітілсін және жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;
осы шешімнің 3 және 4 қосымшаларына сәйкес 3 және 4 қосымшаларымен толықтырылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
15
02 желтоқсан 2022 10:23
02 желтоқсан 2022