«Электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алыңыз»
«Электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алыңыз»
Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу мүмкіндіктерін насихаттау үшін «Электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алыңыз» тақырыбындағы буклеттер (брошюралар) таратылды. Онда келесі сипаттамалар көрсетілген:
- Еgov.kz мобильдік қолтаңбалы бағдарламасымен қандай мүмкіндіктер ұсынылған;
- қолтаңбалы бағдарламада қызметтердің неше түрі бар;
- сонымен бірге қалай электронды цифрлік қолтаңбасыз мемлекеттік қызметтер арлуға болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарда Өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары жұмыс істейтіндігін, онда сіз egov.kz электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болатындығын еске саламыз.

5