«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ
2021 жылғы «____» _____
№ _____басшының бұйрығымен бекітілді
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі
- Жалпы ережелер
- Осы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай - Аппарат) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкестендіріліп жасалынған және кепілдемелік сипатқа ие құжат.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жасаушысы Аппарат болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласы үшін жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін орнатуға бағытталған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың жасалуының мақсаты, олар:
1) қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мінез-құлықтың жетілуі;
2) сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтау және олардың кері әсерін болдырмау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаттары мыналар:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлықтың көріністерінен қорғау;
5) мүдделердің қайшылығына жол бермеу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың орнатылған ережелерді бұлжытпай орындауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмауға бағытталған іс-әрекеті мен шешімдерін анықтайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізінде сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеу бағытында лауазымдық міндеттемелерді орындау бойынша мына жағдайларда жасалатын тікелей іс-әрекеттер жатыр:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;
2) өз құзіретінің шегінде басқарушылық және басқа да шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде;
3) қандай да бір тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты басқа қоғамдық маңызы бар қатынастар кезінде;
- Қоғамдық қатынастардың оқшауландырылған саласында қызмет істейтін тұлғалардың (іс-әрекеттері) жүріс-тұрысының ережелері.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;
2) Елдегі Қазақстан халқының бірлігі мен ұлтаралық татулықтың нығаюына себептесу, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына сыйластықпен қарау;
3) адал ниетті, әділ, қарапайым болып, жалпыға ортақ қоғамдағы әдептілік, мораль нормаларын жеке тұлғалармен және әріптестерімен ұстану, сыпайылық пен әдептілік таныту;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдердің шынайылығы;
5) өзінің іс-әрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы қоғам тарапынан сынға түсуге жол бермеу, сынға түскені үшін қудаламау, конструктивті сынды өзінің қызметіндегі кемшіліктерді жоюға және оны жақсартуға пайдалану;
6) қызметтік жағдайын жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қызметіне ықпал ету мақсатында пайдаланбау;
7) шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпау;
8) заңда тәртіптік, әкімішілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылу қарастырылған қылықтар мен құқықбұзушылық жасауға жол бермеу;
9) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, күн тәртібі мен еңбек ету жағдайын, сонымен қатар мемлекеттік қызметте болумен байланысты болатын шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет көрсетулерді және басқа да рұқсат етілетін функцияларды орындау кезінде:
1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша шараларды тұрақты түрде қолдану;
2) қызмет көрсетілетіндерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді түрде толық және дұрыс ақпарат беру;
3) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және басқа да рұқсат етілетін функцияларды орындау кезінде қарастырылмайтын құжаттарды талап етпеу, керісінше бюрократтық сөзбұйдадан қашу;
4) сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылыққа иілдіру жағдайы туған кезде ол туралы басшылыққа баяндап отыру;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің тұрақты жетіліп отыруын, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділікті қамтамасыз ету;
- Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты мемлекеттік сатып алулар жасау кезінде, лауазымды тұлғаларға келесілер ұсынылады:
1) мемлекеттік сатып алуларға жұмсалатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді түрде жұмсау;
2) әлеуетті тауар жеткізушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісіне қатысу үшін, Заңмен қарастырылған жағдайларды алмағанда, тең мүмкіндіктерді ұсыну;
3) мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлықтың болуына жол бермеу;
5) орындау құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Қарызгерлердің бірыңғай тізіміне кірген әлеуетті тауар жеткізуші және (немесе) ол арқылы тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.
- Басқарушылық және басқа да шешімдерді қабылдау және даярлау кезінде өзінің құзіреті шегінде:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қайшылығы, жеке бастық қызығушылық туындаған кезде, сыбайлас жемқорлыққа немесе сыйлықтар алуға иілдіру болған кезде тікелей немесе өз үстіндегі басшысына хабарлау;
2) қызметтік жағдайын жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қызметіне ықпал ету мақсатында пайдаланбау;
3) лауазымдық өкілеттіктерін қолдану арқылы мүліктік пайда, игілікті немесе артықшылықты алу мақсатында әріптестеріне, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу және қызметтен тыс қызмет көрсетпеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықтарды ашып көрсетуде белсенділік таныту;
5) оған мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілерін, сонымен қатар құжаттарды тездетіп қарастыру үшін пайда алуға иілдіру жағдайларын немесе қағазбастылық болған кезде басшылыққа шұғыл түрде баяндау;
6) орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән келген кезде шұғыл түрде тікелей тұрған басшыға жазбаша баяндау;
7) егер тікелей басшының өзі мүдделер қайшылығына қатысы бар болса жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;
8) кәсіпкерлік немесе басқа да табыс табуға болатын қызмет түрін жүзеге асыруда жәрдемдесуден тартыну;
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауда және талқылауда жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;
2) құрылымдық бөлімшелердің құқықтық актілердің мониторингін жүргізуін және сәйкес есеп берулерді дайындауды үйлестіруді үнемі болып отыруын қамтамасыз ету;
3) нормативтік құқықтық актілердің жасалған жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға мақұлдауға жіберудің алдында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік алдында талқылауға орналастыру;
4) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе оның белгілері бар нормаларды қолданбау.
- Аппараттың қызметкерлерін/ жұмыскерлерін іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде мыналарды жасау ұсынылады:
1) тағайындау туралы мәліметтерді қарастырудың орнатылған мерзімдерін сақтау;
2) Аппаратқа қызметке/ жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттер, тыйымдар мен шектеулер түсіндіріледі;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;
4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке басының мәліметтері туралы ақпараттың басқа біреулерге негізсіз таратылуына жол бермеу;
5) қызметке/ жұмысқа тұруға үміткерлерден еңбек шартын жасауға ешқандай қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
6) Аппарат жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексерулерді әділ және жан-жақты жүргізу;
- Тіршілік әрекеті саласының өзгешелігіне байланысты туындайтын басқа да қарым-қатынастар кезінде:
1) бағынышты лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен қызметтік өкілеттіктері көлемін нақты және айқын анықтау;
2) бағыныштылықтағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесі бөлінісінің ауытқымалы болуына жол бермеу;
3) олардың қызметін бағалау кезінде және сонымен қатар ынталандыру және жазалау шараларын қолдану кезінде туралық пен әділдікті ұстану;
4) бағынышты жұмыскерлерге қатысты негізсіз айыптаудың, дөрекілік фактілерінің, адамның қадір-қасиетін кемсітудің, жөнсіз қылықтың, әдепсіз жүріс-тұрыстың болуына жол бермеу;
5) анық орындай алмайтын немесе лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сонымен қатар заңнамаға қайшы келетін тапсырмаларды бермеу;
6) қызметтік жағдайды қызметтен тыс мәселелерді шешу кезінде бағынышты жұмыскерлердің қызметіне ықпал ету мақсатында қолданбау;
7) бағынышты жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық жасауға мәжбүрлемеу;
8) өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қайшылығын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қолдану;
9) мүліктің сақтығын қамтамасыз ету, қызметтік мақсатта меншікті және бұған қоса автокөлік құралдарын пайдалы, тиімді пайдалану;
- Аппарат басшысы өзіне бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың деңгейін және олардың сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық жасауын болдырмауды бақылауда ұстайды және сол үшін жеке басымен жауап береді.
6