Абай аудындық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Абай аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 77 қаулысы
Абай аудындық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Абай аудындық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау округі құрылсын.
- Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
- Қаулы Абай аудандық мәслихатқа жіберілсін.
- Осы қаулы БАҚ өкілдерінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Сергеева Н.
Абай аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Босаева А.
53
30 желтоқсан 2022 09:11
30 желтоқсан 2022