Абай ауданында жастар еңбек жасағын құру туралы
Абай ауданында жастар еңбек жасағын құру туралы
"Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысының 25.05.2026 жылғы №18 бұйрығы
Абай ауданында жастар еңбек
жасағын құру туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы "Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 92 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Абай ауданында 2026 жылдың маусым-шілде-тамыз айларында еңбек маусымына арналған жастар еңбек жасақтары қосымшаға сәйкес құрылсын.
- Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Абай ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жастар еңбек жасақтарының жұмысын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басшы О.Цой
213