"Астана күніне" арналған мерекелік іс-шаралар аясында «PavEnergyCHESS–2020» электр энергетика саласындағы қызметкерлер арасында алғашқы шахмат онлайн блицтурнирін өткізу регламенті

1. Мақсат пен міндеттері

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- энергетикалық кәсіпорындар арасындағы қатынастарды нығайту;

- шахматты танымал ету;

- мамандықтың оң имиджін құру

  1. Өткізілетін орны мен уақыты

Жарыстар chess.com сайт платформасында үш кезеңде 01.06.2020, 15.06.2020, 04.07.2020 қашықтықтан өткізіледі. Қатысушылар электрондық пошта арқылы сайтта тіркеліп, PavEnergyCHESS шахмат клубына кіру керек. Барлық кезеңдердің басталуы 13.00-де. Әр кезеңдегі турлар саны қатысушылардың санына байланысты анықталады.

  1. Қатысу шарттары

Жарысқа шахмат жолдарын және ережелерін білетін, интернетке қосылған компьютерге, планшетке/смартфонға қол жеткізе алатын қатысушылар жіберіледі.

  1. Жарысты өткізу басшылығы

Жарысты өткізу бойынша жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жүзеге асырады.

Жарысты тікелей өткізу төрешілер алқасына жүктеледі. Бас төреші -Жарылғазинов Амангелді Мурадұлы.

  1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау

Турнир қатысушылар санына байланысты швейцарлық немесе айналмалы жүйе бойынша өткізіледі. Партияға бақылау уақыты – 5 мин.

  1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

Барлық 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жеке сынақтардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер нәтижелерді тексергеннен кейін (анти-читинг) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті басшылығының қолы қойылған грамоталармен марапатталады (ерлер мен әйелдер жеке).

  1. Өтінімдерді қабылдау және қосымша ақпарат

Өтінімдер PavEnergyCHESS@mail.ru электрондық поштаға қабылданады

Қатысуға өтінім белгіленген нысан бойынша (А қосымшасы) жіберу қажет.

Читерлік бағдарламаларды (ең күшті қадамдарды табуға көмектесетін компьютерлік бағдарламалар) немесе жағынан көмек алған қатысушылар турнирден алынып тасталынады. Егер шахматшының ойыны күдік тудырса, онда оған WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау жасалады, және оның ойыны тексеріледі.

  1. Бұл ереже турнирге қатысу үшін

ресми шақыру болып табылады.

А ҚОСЫМШАСЫ

Энергия кәсіпорындары арасында "PavEnergyCHESS"

шахмат турниріне қатысу

 _______________________________ өтінімі

байланыс телефоны: __________________________________

 

№

р/б

ААӘ

LOGIN

Туған жылы

Whatsapp бар ұялы телефон

Кәсіпорынның атауы

 

 

 

 

 

         

Анықтамалар үшін  WhatsАpp: 87774620581

 

Жарияланған күні

15 мамыр 2020

Жаңарту күні

15 мамыр 2020

Қызмет бағыты