Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің түрлері мен кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚР Заңына 1-қосымшаның 17-26-тармақтарында келтірілген.

Егер Сіз қызмет түрінің және/немесе онымен айналысуға ниет білдірген қызметтің кіші түрінің атауын анықтаумен қиындыққа тап болсаңыз, онда Сіз Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетіне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалып, сұрақ қоя аласыз: 50-30-77, 50-29-55, 50-29-51, 50-30-78.

Сұрақ: Лицензиялық алымды қалай төлеуге болады?

Жауап: Лицензиялық алымды төлеу төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

Бюджеттік сыныптама коды (БСК)– 105402;

Төлем мақсатының коды (ТМК) – 911.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді.

2020 жылғы 1 сәуірден 1 АЕК = 2 778 тенге

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым):

№
р / с

Лицензияланатын қызмет түрі

АЕК алым мөлшерлемелері

1

2

3

 

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері:

 

 1.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау

 100

 2.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

 50

 3.

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

 10

 4.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

 5

 5.

Предоставление услуг в области использования атомной энергии

 5

 6.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

 50

 7

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

 50

 8.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

 10

 9.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

 10

 10.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау

 5