Тілеулин Рауан Манатұлы
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы
Жалпы ақпарат, білімі
1980 жылы 3 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сондай-ақ Польшада Халықаралық экономика және бизнесті басқару магистрі және АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде саяси менеджмент магистрі дәрежесін алды.
Мансап
Еңбек жолын 2004 ж. Сыртқы істер министрлігінде бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеген, онда сыртқы байланыстар және протокол қызметін атқарған.
2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы.
2016–2019 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе басшысының орынбасары болды.
2019 жылғы шілдеден 2024 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл қызметін атқарған.
ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы Бас консулы қызметін атқарған.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Құрмет» орденімен, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған (2019).