Дербес деректерді қорғау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

255000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Физика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Механика
  • Ядролық физика
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
әзірлеуге мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын дербес деректер және оларды қорғау;
Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
Дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;
дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеу;
меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;
меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлеуге;
куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу.
өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басшылыққа алады.
Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу.
Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру.
Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты жүргізу.
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындайды.
Басқармаға жүктелген міндеттер шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу.
Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын құру.
Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыруға қатысу.
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған жағдайда нұсқама дайындайды және береді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу.
басқарма қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (баспасөз релиздерін) ұйымдастырады және дайындайды;
дербес деректерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жариялау және түсіндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2022 – 04.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.07.2022

Сұхбаттасу орны

ул.Мангилик ел 55/14, блок С2-4

Анықтама алу үшін байланыс

649-398