Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызметшілердің кибергигиена деңгейін арттыруды жалғастыруда




2026 жылғы 19-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне арналған кибергигиена бойынша практикалық семинарлар сериясын өткізді.
Іс-шаралар Expertise France-пен бірлесіп іске асырылып жатқан «Орталық Азиядағы цифрлық байланыстылық» жобасы шеңберінде Шымкент, Семей және Ақтау қалаларында өтті. Семинарларға жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 100-ден астам қызметкері қатысты.
Оқыту барысында қатысушылар кибергигиена, фишингтік шабуылдар мен әлеуметтік инженерияға қарсы іс-қимыл, қызметтік ақпарат пен дербес деректерді қорғау, сондай-ақ кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерін қарастырды.
«Кибергигиена бүгінде тек киберқауіпсіздік мәселесі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің маңызды элементі болып табылады», — деп атап өтті Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Керімбаев Сұлтанғазы.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің киберсауаттылық деңгейін арттыруға және мемлекеттік секторда киберқауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.