Дербес деректерді заңсыз жинау және өңдеу үшін жауапкершілік туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті азаматтар мен ұйымдардың дербес деректерді заңсыз жинағаны, пайдаланғаны және таратқаны үшін қандай жауапкершілікте болатынын түсініктеме береді.
Дербес деректер - бұл тұлғаның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін кез-келген ақпарат: тегі, аты, ЖСН, телефон нөмірі, мекен-жайы, оқу, жұмыс, денсаулық және басқа мәліметтер.
Бұл ретте, Сіздің дербес деректеріңізді нақты ақпараттық жүйелерде өңдеу бойынша ақпарат алу қажет болған жағдайда, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді жинау және өңдеу жүзеге асырылған ақпараттық жүйенің иесіне тікелей жүгінуіңіз қажет, өйткені Комитет дербес деректердің бірыңғай базасының иесі болып табылмайды.
Осыған байланысты, осындай фактілер анықталған жағдайда, Сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізу мәселесі бойынша түсініктемелер алу үшін тиісті ұйымдарға өз бетіңізше хабарласуыңызды сұраймыз.
Түсініктеме беруден бас тартылған жағдайда не Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының талаптарын бұзудың расталған фактілері болған жағдайда (мысалы: дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің болмауы), Сіз әрі қарай қарау үшін өз құқықтарыңызды бұзудың қажетті дәлелдерін қоса бере отырып, Комитетке тиісті өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар.
Дербес деректерді жинау және өңдеу тек субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана рұқсат етіледі, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда. Бұл талаптар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін келесі жауапкершілік қарастырылған:
- әкімшілік жауапкершілік — Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 79 және 640 - баптары бойынша. Айыппұлдар бұзушылықтың сипатына және бұзушының (жеке немесе заңды тұлға) мәртебесіне байланысты - 30-дан 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) құрайды;
- қылмыстық жауапкершілік - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша (аса ауыр жағдайларда, мысалы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген кезінде пайда болады).
Жоспардан тыс тексеру жүргізу немесе әкімшілік іс қозғау үшін негіз болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады:
- құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер (ҚР ӘҚБтК 802-бабы);
- сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы).
Өтініш берген кезде болжамды бұзушы туралы мәліметтерді және ықтимал бұзушылықты растайтын фактілерді көрсету маңызды.
Комитет азаматтар мен ұйымдарды дербес деректерді қорғауға жауапкершілікпен қарауға және есте сақтауға шақырады: дербес деректер - бұл жеке ақпарат және оларды заңсыз пайдалану заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.