Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 (бұдан әрі-Ереже) бұйрығымен бекітілген «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, басылым тілі, меншік иесі, меншік иесінің атауы, кезеңділігі, тақырыптық бағыты және таралу аумағы өзгерген жағдайда мерзімді баспасөз басылымы қайта есепке алынуға жатады.
Осыған байланысты, басылымның тілін өзгерту журналды қайта есепке алу үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш дұрыс толтырылған кезде Қағидаларға сәйкес мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік беріледі.
Куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде келесідей құжаттардың болуы тексеріледі: өтініштің мазмұны, есепке қойылған мерзімді баспа басылымдарының тізілімінде бірдей атаудың болуы, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын ұсынылған құжаттардың деректері тексеріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он жұмыс күні.
Құжаттардың болмауы және өтініштің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету «Масс-медиа туралы» Заңның 14-бабымен реттеледі.
Алдымен, мүдделі тұлға (азамат немесе ұйым) таңдалған БАҚ-тың редакциясына ақпаратты орналастыру туралы ұсыныспен өз бетінше жүгінеді.
Одан кейін тараптар ынтымақтастық туралы немесе ақпараттық қызмет көрсету туралы ақылы не тегін негізде шарт жасасады.
Бұл ретте редакция ұсынылған материалды қарайды немесе заңнама мен редакциялық саясатқа сәйкес өз бетінше контентті (жаңалық, сұхбат, репортаж және т.б.) дайындайды. Қажет болған жағдайда, шарттың талаптарына сәйкес мазмұн тапсырыс берушімен келісіліп отырады.
Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде таратылатын ақпарат эфирде, баспа немесе электронды БАҚ-та міндетті түрде дереккөзді көрсете отырып және қолданыстағы заңнамада белгіленген негізгі қағидаттарға сәйкес орналастырылады. БАҚ ұсынылған материалдардың мазмұны қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған немесе редакциялық саясатқа қайшы келетін жағдайда оларды жариялаудан бас тартуға құқылы.
Гранттарды алу үшін үміткер "масс-медиа туралы" ҚР Заңының 22-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қойылуы тиіс.
Бақ үшін гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 499-НҚ бұйрығымен бекітілген гранттарды беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес беріледі.
Ережеге сәйкес ұйымдастырушы конкурс туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырады. Он жұмыс күні ішінде белгіленген нысандар бойынша өтінім және қажетті құжаттар беріледі. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін барлық құжаттар ашылады және талаптарға сәйкестігі тексеріледі және ашу хаттамасы ресімделеді.
Өтінім мен құжаттар тізбесі белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде притендентті хабардар етеді және хабарламаны үміткердің электрондық мекенжайына жібереді. Үміткер үш жұмыс күні ішінде өтінімді пысықтайды.
Өтінім мен хабарлама бойынша құжаттар тізбесі жеткіліксіз болған жағдайда өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады. Өтінімдерді пысықтау кезінде үміткерлер конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын екі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырады.
Сараптама комиссиясы он жұмыс күнінен кешіктірмей критерийлерге сәйкестікке өтінімдерді бағалауды жүргізеді және балдық бағалау қорытындылары бойынша қорытындыны ұсынады. Жеңімпазды анықтаудың шешуші критерийі-үміткердің шығармашылық ұсынысы. Қорытындыдан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде гранттар бөлу жөніндегі Комиссия қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырады. Ұйымдастырушы мемлекеттік грант алмаған үміткерлерге үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.
Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді. Қарсылықтар болған кезде республикалық комиссия екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес ұсыныстар әзірлейді. Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасы ресімделеді. Гранттар бөлу жөніндегі комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарт жасалады.
Мемлекеттік тапсырысты алу үшін үміткер «Масс-медиа туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қойылуы тиіс.
Үміткерлерге мемлекеттік тапсырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес беріледі.
Ережеге сәйкес, конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін үміткер 10 жұмыс күні ішінде белгіленген нысандар бойынша өтінім мен құжаттардың толық пакетін береді.
Ұйымдастырушы конкурс туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырады. Үміткер Ақпараттық хабарлама орналастырылған келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімді және белгіленген нысандар бойынша өңірлік Тапсырысқа қатысуға арналған құжаттардың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өңірлік комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашады және ашу хаттамасын рәсімдейді. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар тізбесі белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеріледі. Өтінім мен құжаттар тізбесі сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, ведомство жібереді. Үміткер үш жұмыс күні ішінде пысықтайды.
Өтінім мен хабарлама бойынша құжаттар тізбесі жеткіліксіз болған жағдайда өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады. Өңірлік комиссия үміткерлердің өтінімдерін пысықтау кезінде екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады. Жеңімпазды анықтаудың шешуші критерийі-үміткердің шығармашылық ұсынысы.
Өңірлік комиссия отырысқа өңірлік Тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлерді бағалайды.
Рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың алдын ала хаттамасы ресімделеді. Ұйымдастырушы мемлекеттік грант алмаған үміткерлерге үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді.
Қарсылықтар болған кезде республикалық комиссия олардың құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бойынша тиісті ұсынымдар жібереді.
Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде өңірлік комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарымен он жұмыс күні ішінде өңірлік тапсырысты өткізуге шарттар жасалады.
Радиожиіліктерді үміткерлерге бөлу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 20 тамыздағы № 364-НҚ бұйрығымен бекітілген, Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ережеге сәйкес үміткер белгіленген нысан бойынша телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім мен құжаттардың толық пакетін ұсынады.
Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.
Өтінім нысанға сәйкес келмеген және үміткерлер құжаттар тізбесін ұсынбаған жағдайда, комиссия конверттерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттаманы қоса бере отырып, үміткерге электрондық мекенжайға хабарлама жібереді және өзінің интернет-ресурсында өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.
Сәйкестендірілген өтінімдер мен құжаттар тізбесін Комиссия үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия өтінімдерді ашқаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ ұсыныстардың шығармашылық мазмұнын бағалайды.
Үміткерге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі.
Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасымен бірге хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.
Қарсылықтар қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.
Екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурс жеңімпазы жиілікті пайдалануға рұқсат алу үшін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтініш жолдайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 500-НҚ бұйрығымен бекітілген телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес абоненттерге телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі.
ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам жасасқан және осындай адам өз қызметінің сипаты бойынша оған жүгінген әрбір адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету жөніндегі оның міндеттерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.
Осыған байланысты, Министрліктің телерадио хабарларын тарату операторы мен абонент арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын құқықтық қатынастарға араласуға құқығы жоқ.
Жасалған шарт шеңберінде абонент пен телерадио хабарларын тарату операторы арасында даулы мәселелер туындаған жағдайда тікелей телерадио хабарларын тарату операторының атына не сотқа жүгінуді ұсынамыз.
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен бекітілген "мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тек "E-лицензиялау"порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін "Е-лицензиялау" порталында белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру және бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін алымның төленгенін растайтын құжатты бекіту қажет. Жинауға арналған деректемелер: БСН – 081240013779; БИК-KKMFKZ2A; ЖСК-KZ24070105KSN0000000; ТТК-911; КБК-105428. |
Алым ставкалары алым төлеушінің (көрсетілетін қызметті алушының) орналасқан мекен-жайы бойынша төленеді. Балалар және ғылыми тақырыптары бар бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін 2 айлық есептік көрсеткіш, өзге тақырып үшін - 5 айлық есептік көрсеткіш төленеді.
2020 жылдың 2 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » (Салық кодексі) және «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салық және міндетті аударымдарды төлеуден босатуды көздейді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 3 шілдесінде босатуды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасымен ипотекалық несие беру, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде 67 коммерциялық теле -, радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін босату көзделген.
Сонымен қатар, Үкіметтің ағымдағы жылғы 7 сәуірдегі №183 қаулысымен бекітілген «Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық жоспары» шеңберінде отандық БАҚ-тың дамуына қолайлы жағдайлар жасауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осы саланың жұмыс істеуі мен одан әрі жетілдіруге қолдау шаралары көзделген.
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабыныңn 4) тармақшасына сәйкес еркін қолжетімді теле-, радиоарна дегеніміз – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарна.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Бұдан басқа, үміткерлердің тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады.
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылатындықтан, телеарна заңнаманың тиісті нормаларын сақтаған жағдайда Конкурсқа қатыса алады.
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында жарияланатынын қосымша хабарлаймыз.