Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде құқықтық оқыту жүргізілді

Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бекітілген жоспардағы кестеге сәйкес құқықтық оқыту өтті.
Оқыту барысында Активтерді басқару бөлімінің басшысы Д. Едігеев және Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің бас маманы Е. Нурумбаев «ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 ж. 212 бұйрығымен бектілген Мемлекеттік мүлікті жалдауға беру қағидаларын түсіндіру» және «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы 01.07.2024ж. 106-VII Заңың түсіндіру» тақырыптары бойынша Департамент қызметкерлеріне дәріс оқып, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.