«2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі - Жоба) ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жоба «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты 2009 жылғы 1 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және Бішкек қаласында 2024 жылғы 4 желтоқсанда жасалған 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау болып табылады.
Шартқа сәйкес қазақстандық тарапы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданының аумағындағы жер учаскелерін жалдау шартымен 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға қабылдады.
Хаттамаға сәйкес қазақстандық тарап Қырғызстан заңнамасына сәйкес курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілерін инвесторларға беруді пысықтайды, сондай-ақ қазақстандық міндеттемелердің орындалу мерзімін ұзартады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15399323) 2025 жылғы 14 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 28 қаңтарға дейін.