«2006 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмді және 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жоба «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты 2006 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмді және 2024 жылғы 4 желтоқсанда Бішкек қаласында жасалған 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау болып табылады.
Келісіммен қазақстандық тарап курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілерін 3 немесе 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне жеткізу бойынша міндеттемелерді өзіне алды.
Хаттамаға сәйкес қазақстандық тарап Қырғызстан заңнамасына сәйкес курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілерін инвесторларға беруді пысықтайды, сондай-ақ қазақстандық міндеттемелердің орындалу мерзімін ұзартады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15399202) 2025 жылғы 14 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 28 қаңтарға дейін.