Жиі қойылатын сұрақтар
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 75-бабының
2-тармағына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестерi, жылжымайтын мүлік, ақша мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының объектiсi болады.
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының
3-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 36-бабының негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік олардың құрылтайшылары мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты сақтайтын заңды тұлға болып табылмайды.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты мемлекет 100% қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде тұрған және серіктестіктің меншігі болып табылатын жылжымайтын мүлік мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының обьектісі бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар кәрсетілген ұйымдардың даму жоспарларын қараған кезде кейбір әкімшілік шығыстар түрлерінің лимиттерін жыл сайын белгілеуі тиіс.
Осыған байланысты, аталған қаулы тікелей әрекет ететін ұйымдар қаулымен белгіленген нормаларды ұстануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Осыған орай, Серіктестік меншігіндегі мүлік мемлекеттік мүлікке жатпайды.