
Меншіктің мемлекеттік мониторингі және сенімгерлік басқару
меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастыру;
өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;
концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 15 шілде 2026Пайдалы ақпаратПрактику Казахстана по управлению возвращёнными активами представили на международном семинаре
- 15 шілде 2026Пайдалы ақпаратҚайтарылған активтерді басқару компаниясының тәжірибесі Құқық қорғау органдары академиясында таныстырылды
- 06 қазан 2025Пайдалы ақпарат«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
3025 маусым 2025Сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдау
12011 маусым 2025Сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдау
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кетті
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, МКҚК (ШЖҚ МКК) балансында бекітілген мүлікті есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша МКҚК (ШЖҚ МКК) Комиссиясы жүзеге асырады, бұл ретте, сенімгерлік басқару шартына өзгерістер енгізу немесе бұзу арқылы мүлікті алдын ала сенімгерлік басқарудан шығару қажет.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 122-бабына сәйкес республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ал коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 886-бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 3.2-тармағына сәйкес сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде шығыстарын өтеу кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен қайтаруға болжанатын шығыстардың ұғымы мен мазмұны аталған объектілерді сенімгерлік басқару шарттарын жасасу кезінде ескерілуі тиіс.







