Құрылыс жөніндегі бас маманның лауазымдық нұсқаулығы

СолтүстікҚазақстаноблысыҒабитМүсіреповатындағыауданәкімдігініңсәулет, құрылыс, тұрғынүй-коммуналдықшаруашылығы, жолаушыларкөлігіжәне автомобиль жолдарыбөлімінің

2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 126-н/қбұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

Құрылысжөніндегі бас маманныңлауазымдықнұсқаулығы

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы нұсқаулық «ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікқызметітуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкесәзірленді.

1.2. Құрылыс жөніндегі бас маман бөлім басшысымен тағайындалады және қызметінен босатылады және оған тікелей бағынады

1.3. Құрылыс жөніндегі бас маман осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс: Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және осы санат бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін басқа да қажетті білім.

2. Құқықтары

Құрылыс жөніндегі бас маманның:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларға;

4) зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де түрлеріне;

5) мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғалар тарапынан жеке басының қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне әділ және құрметпен қарауға;

6) еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына;

7) өзінің тікелей басшысынан атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауды талап етуге міндетті;

8) белгіленген тәртіппен лауазымдық өкілеттіктерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға міндетті;

9) өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауын талап етуге;

10) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға;

11) мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты материалдармен кедергісіз танысуға және қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер беруге;

12) мемлекеттік қызметшінің пікірі бойынша негізсіз айыптар болған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді талап етуге;

13) жұмыстың тиімділігіне, кәсіби тәжірибесіне және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздерге байланысты еңбекті ынталандыруға және төлеуге;

14) егер қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тиісті бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға;

15) мемлекеттік қызмет бойынша лауазымдық ауысуға және ілгерілеуге;

16) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылуға;

17) жасанды интеллект технологияларына негізделген цифрлық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары.

3. Міндеттері

3.1. Аудан аумағында сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

3.2. Сәулет қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген заңнамалық және өзге де жобалау құжаттамасында бекітілген нормалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

3.3. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын орындау.

3.4. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жай-күйі мен дамуына талдау жүргізу, шешуді талап ететін проблемаларды анықтау.

3.5. Елді мекендерді салу бойынша ұсыныстар дайындау.

3.6. Мемлекеттік объектілер бойынша техникалық шарттарды жинау.

3.7. Сумен жабдықтауға, электрмен жабдықтауға, телефондандыруға және кәрізге, сондай-ақ жеке және мемлекеттік құрылыс объектілері бойынша рұқсат құжаттарының болуына техникалық шарттардың болуын және сәйкестігін бақылауды жүргізу.

3.8. Ситуациялық схемасы бар жер учаскелерін таңдау актілерін беру.

3.9. Жер учаскесін таңдау актісін ситуациялық схемамен келісуге мүдделі мемлекеттік органдарға жолдау. Өтініш берушімен келісу үшін ситуациялық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған шотты (сметаны) Жолдау не жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды.

3.10. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес, сондай-ақ қосымша жер учаскесін бөлуді талап етпейтін қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру.

3.11. Құрылыс саласында пайдаланылатын ақпараттық жүйелермен, электрондық платформалармен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу.

3.12. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты енгізу, өңдеу, өзектендіру және жүйелеу.

3.13. Құрылыс мәселелері бойынша электрондық құжаттарды, есептерді, тізілімдер мен дерекқорларды дайындау және жүргізу.

3.14. Құрылыс бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау үшін жетекшілік ететін сала бойынша жауапты болып табылады.

3.15. Бөлімнің келесі мемлекеттік қызметтерін көрсету:

- объектілерді кейінгі кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;

- жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/ жою;

- эскизді (эскиздік жобаны) келісу.

- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау, қайта бейіндеу)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

- үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру.

3.16. Жетекшілік ететін сала бойынша мердігерлермен наразылық-хабарлама жұмыстарын жүргізу, сот органдарына құжаттарды дайындау.

3.17. Қызметтік тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтау.

3.18. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде клиентке бағдарлануды қамтамасыз етеді.

4. Жауаптылығы

4.1. Құрылыс жөніндегі бас маман:

1)орындаушылық тәртіп үшін;

2) жұмыс уақытының кестесін бұзғаны үшін;

3) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін;

4) өз қызметін жүзеге асыру процесінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған шектерде;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шекте материалдық залал келтіргені үшін;

6) алдына қойылған міндеттерді және оған жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастырғаны және орындағаны үшін;

7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуына байланысты шектеулерді сақтағаны үшін, заң жауапкершілігінің әртүрлі түрлерін туындататын оларды уақтылы, сапасыз және тиісінше орындамағаны не бұзғаны және/немесе сақтамағаны үшін жауапты болады.

Жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлік атқаратын лауазымынан босатылған кезде, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттама мен тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге берілетін болады.

Таныстырылды:

____________________________________

(Т.А.Ә., қолы, күні)