Басқарма жайлы

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы

 

  1. Басқарма басшысы: Дүйсекеев Ерқұлан Талғатұлы, байланыс 74-01-71, e.duisekeev@ecogeo.gov.kz

 

  1. Штат саны: 7, оның ішінде 1 басшы, 6 бас эксперт.

 

  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Басқармасының функциялары:

 

1)  мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2 ) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;

3) тексерулер арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту, сондай-ақ "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;

5) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;

6) өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтер мөлшерін бекітеді;

7) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;

8) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;

9) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;

10) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;

11) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;

12) өзінің қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық дәліздер құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;

13) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

14) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет ұйымдастырады;

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

16) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

 

 

 

Жарияланған күні

13 қазан 2022

Жаңарту күні

13 қазан 2022