Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы жайлы

1)Атауы: Қ.Р  Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы.

2) Басқарма басшысы: Абдрахманов Аскар Оразбаевич, байланыс нөмірі +7 (7172) 74-06-46, электронды пошта: a.abdrakhmanove@ecogeo.gov.kz

3) Жануарлар дүниесін басқару және аңшылық шаруашылығының функциялары:

 Басқарманың негізгі мақсаттары болып:

1) жануарлар дүниесі ресурстарын сақтау;

2) жануарлар дүниесі ресурстарының өсімін молайту.

Басқарма өзіні құзыреті шегінде заңнамамаен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) жануарлар дүниесін қорғау. өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын дамыту саласында нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге қатысады;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдарының, сондай-ақ «Ырғыз-Торғай» МТР РММ, «Алтын Дала» МТР РММ, «Ақжайық» МТР РММ, «Охотзоопром» «ӨБ» РМҚК қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз етеді және (немесе) ұйымдастырады;

5) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алу процессіне қатысады;

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, аңшылық шаруашылығын дамыту саласында бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

7) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізуді  ұйымдастырады;

 

Жарияланған күні

22 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

22 желтоқсан 2022