Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 1413 қаулысымен кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюды жүзеге асыру, оларды сатып алу, уылдырық пен өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау болып табылады.
Биологиялық әртүрлілік пен генофондты сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерін қолдан көбейтуді жүзеге асыру бойынша Кәсіпорынның қызметі қызметінің негізгі мәнімен технологиялық байланысты болып табылады.
Зауыт Жайық өзенінің Золотой саласының сол жағалауында, Атырау қаласының Жаңаталап ауылында Каспий теңізінің қазіргі жағалауынан 6 км жерде орналасқан. Өзен бойымен зауыттың кеме тұрағынан теңізге дейінгі қашықтық 31 км.
Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, трасса Атырау-Дамба,140