Есіл ауданындағы консультациялық пункттердің жұмысы туралы ақпарат
Көру саны:12
Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдар, шағын орталықтар және бөбекжай-балабақшалар базасында 25 консультациялық пункт жұмыс істейді. Олардың қызметі балабақшаға бармайтын балалар үшін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ата-аналарға әдістемелік, психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған.
Консультациялық пункттердің негізгі мақсаты — 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау және ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Консультациялық пункттер аясында мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары:
- ата-аналарға жеке және топтық консультациялар жүргізеді;
- балалардың даму деңгейін диагностикалайды;
- мектепке дейінгі баланы үй жағдайында оқыту және тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар береді;
- педагог–психологтардың, логопедтердің және тәрбиешілердің консультацияларын ұсынады;
- қолданыстағы дамыту бағдарламалары мен жаңартылған нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша онлайн-консультациялар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Консультациялық пункттердің жұмысы:
- балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейтуге;
- баланың дамуындағы қиындықтарды дер кезінде анықтауға;
- «отбасы – мектепке дейінгі ұйым» бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға;
- балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға ықпал етеді.
Консультациялық қызметтер тегін көрсетіледі. Балабақшаға баратын немесе бармайтын барлық отбасылар Есіл ауданы аумағында осы қызметке жүгіне алады.
04 желтоқсан 2025
30 желтоқсан 2025