Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестер

Орта білім беру, мектепке дейінгі, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды.
Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
Құжаттар
Барлық құжаттарПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 13 ақпан 2024АқпаратБілім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестер