«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

3) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты айқындау және бағалау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4) мемлекеттік мекеменің жоғары немесе орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5) ассистент;

6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

7) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

8) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

9) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – заңгер;

10) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – менеджер.

 

  1. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, режиссер, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);

6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі санатсыз мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);

7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі мамандары – дыбыс режиссері.

 

Жарияланған күні

23 қазан 2025 12:12

Жаңарту күні

23 қазан 2025