Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі туралы ақпарат

КІРІСТЕР

 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жергілікті бюджетіне 3014,3 млн.теңге жоспармен 3876,0 млн.теңге немесе 128,6% түсті. Артық орындалғаны 861,7 млн ​​теңгені құрады.

Облыстық бюджетке 1080,0 млн.теңге жоспармен 1745,1 млн.теңге немесе 161,6% түсті, 665,1 млн.теңгеге артығымен орындалды.

Аудандық бюджетке жергілікті өзін-өзі басқаруды есепке алғанда 1934,3 млн.теңге жоспармен 2130,9 млн.теңге немесе 110,2 пайызға орындалды. Артық орындалғаны 196,6 млн теңгені құрады..

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
2023 жылғы өсу қарқыны

- жергілікті бюджет – 155,3% (2022 ж. – 2496,6 млн. теңге, өсім 1379,4 млн. теңге), (2023 ж. – 3876 млн. теңге),

-облыстық бюджет – 107,2% (2022 ж. – 1627,5 млн. теңге, өсім 117,6 млн. теңге), (2023 ж. – 1745,1 млн. теңге),

- аудан бюджеті – 245,2% (2022 ж. – 869,1 млн. теңге, өсім 1261,8 млн. теңге, (2023 ж. – 2130,9 млн. теңге).    

ШЫҒЫНДАР

Жергілікті бюджет шығындарының жылдық жоспары 4174,3 млн.теңге, оның ішінде:

-республикалық бюджет – 162,5 млн.теңге

- облыстық бюджеттен трансферттер – 1231,7 млн.теңге

-субвенция – 1243,7 млн.теңге,

-аудандық бюджет – 1536,4 млн.теңге.

        Аудандық бюджет шығыстар бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызға орындалды, нақтыланған жоспар 4174,3 млн.теңге болса, 4174,1 млн.теңге шығыстар жасалды. Төленбеген шығындардың қалдығы 200 мың теңгені құрады.

 

        - республикалық трансферттер бойынша 162,5 млн.теңге, жоспар 100,0% орындалды,

-жергілікті бюджет бойынша 4011,8 млн.теңге жоспармен орындалғаны 4011,6 млн.теңге немесе 99,9%, орындалмаған сомасы 200 мың теңгені құрады, оның ішінде:   

- облыстық трансферттер бойынша жоспар 1231,7 млн.теңге, 100,0% орындалды,

- аудан бюджеті бойынша – игерілгені 99,9% құрады, жоспар бойынша 2780,1 млн.теңге болса, 2779,9 млн.теңге игерілді, барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ерекшеліктері бойынша дөңгелектеу есебінен игерілмей қалған сома 200 мың теңгені құрады.

Жарияланған күні

09 ақпан 2024 10:16

Жаңарту күні

09 ақпан 2024