Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті ақпараттандыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Білім: математика
- Білім: информатика
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Департамент басшылығына ақпараттандыру саласындағы функцияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды беру; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттандырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған саясат жүргізу; Министрліктің салаларын цифрландыру бойынша, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бастамаларды енгізу және дамыту шараларын өткізу; Цифрландыру мәселелері бойыншажұмыс топтарының және басқа кеңестік ұйымдардың қызметіне, жиналыстарға және өзге іс-шараларға қатысу; Цифрландыру бағыты бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара әрекеттестік; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, қарастыру мен келісу; Ақпараттық жүйелер мен деректер базаларының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, құру, енгізу мен дамыту сұрақтары бойынша орталық аппараттың және Комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; Министрлік басшылығына баяндамаларды әзірлеуге арналған қажетті анықтамаларды және басқа аналитикалық материалдарды әзірлеу; Басқарма құзыретіне қатысты бағыттардың тиімділігін бағалау бойынша іс-шараларды өткізу; Басқарма қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөлу; Министрлік басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламаларды және жоспарларды, кіріс хат-хабарды, және бақылауға алынған құжаттарды уақытылы және сапалы орындау; Белгіленген тәртіпте Министрліктің Алқа мәжілісінің жұмыстарына, сондай-ақ Министрліктің басшылығы өткізетін жиналыстарға қатысу; Министрлік жұмысы регламентін, сонымен бірге атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.01.2021
- Кабанбай батыр даңғылы д. 19, блок А
-
анықтама телефоны: 78-68-91