Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2020 жылдын 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат
Көру саны:36
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2020 жылдын 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылдын 1 тоқсанында Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 387 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 203 және заңды тұлғалардан - 184.
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 7 бірлікке азайды.
Жоғары тұрған ұйымдардан 60 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 31, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 15,
ҚР Парламенті – 14.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:
- электрэнергетика, электр және жылымен қамтамасыз ету, атом саласы, ЖЭК– 30 %;
- газбен жабдықтау – 21 %;
- мұнай – 14 %;
- жер қойнауын пайдалану - 12 %;
- мемлекеттік құрылыстын жалпы мәселелері – 7 %;
- табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату – 4 %;
- мұнай –газ кешеніндегі еңбек және әлеуметтік мәселелер - 2 %;
- басқа – 10 %.
Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына: 8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.
Министрлік басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін мына:8 (7172) 78-68-08 телефон арқылы Ақжайық Барлыбайқызы Ахметжановаға хабарласыңыздар.
02 сәуір 2020
02 сәуір 2020