2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге енгізілген өзгерістер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2022 жылғы  1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды:

  • «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі алып тасталады. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлікті алудың қажеті жоқ;
  • «Көмірсутектер саласында лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша – лицензиялық алым мөлшері өзгереді, ол қызметтің әрбір кіші түріне 100 АЕК-ті құрайды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 АЕК 3 063 теңгені құрайды). Мысалы, егер көрсетілетін қызметті алушы қызметтің 5 кіші түріне лицензия алуға ниет білдірсе, онда лицензиялық алым 5 х 306 300 теңге = 1 531 500 теңге құрайды.

Лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде, сондай-ақ лицензияның және оған қосымшаның телнұсқасын беру кезінде қызметтің әрбір кіші түрі үшін лицензия және лицензияға қосымшаны беру кезінде белгіленген мөлшерлеменің 8%-ы, яғни өтініш электрондық берілген жағдайда 8 АЕК немесе 24 504 теңге мөлшерінде лицензиялық алым алынатын болады.

Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» болып өзгертілетін болады. Сондай-ақ, 13 кіші қызмет түрінің атаулары және «Е-лицензиялау» (Elicense) порталында «Мәліметтер нысаны» қосымша бетін толтыру кезінде кейбір талаптар өзгертіледі.

Бүгінгі таңда Министрлік Elicense порталында жоғарыда аталған өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, қызмет түрі мен кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеуге құқығы бар екенін еске саламыз.

 

Жарияланған күні

29 желтоқсан 2021

Жаңарту күні

29 желтоқсан 2021

Жарияланымның авторы