Азаматтық сектордың және Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауовтың Қазақстанның Х Азаматтық Форумы шеңберінде азаматтық сектордың және Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша онлайн кездесу өткізетіндігін хабарлайды.  

Кездесу 2021 жылы 19 қарашада сағат 12:00-де «Zoom» арқылы өтеді.

Отырысқа қатысу үшін кандидатураны (аты-жөнін, лауазымын, ұйымның атауын, байланыс телефондарын) s.alpysova@energo.gov.kzb.ilimzhanov@energo.gov.kz  электрондық пошталарына жіберулеріңізді сұраймыз.   

Анықтама телефоны: 8 (7172) 78-69-30, 78-69-04.

Жарияланған күні

15 қараша 2021

Жаңарту күні

15 қараша 2021

Жарияланымның авторы