2021 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша вебинарға шақыру

2021 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша

аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша

вебинарға шақыру

 

Сіздерді «2021 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, USAID, «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырды.

Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар шеңберінде «Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы да көзделеді.

Күні мен уақыты:

2021 жылғы 14 қазан  / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

2021 жылғы 19 қазан  / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

Тіркеу үшін:

https://us02web.zoom.us/j/88107048963?pwd=a0pUTGtyWFhTM2tiZXhxRzlmcEwvdz09

Назар аударыңыз: ZOOM платформасындағы вебинарға алғашқы                    100 қатысушы қатыса алады.

Жарияланған күні

12 қазан 2021

Жаңарту күні

12 қазан 2021

Жарияланымның авторы